6.Өсімдік ұлпалары Flashcards
Ұлпаны зерттейтін ғылым
Гистология
Ұлпа дегеніміз не
құрылысы,шығу тегі,атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы
Ұлпаның түрлері
Түзуші(меристема)
Негізгі(паренхима)
Жабын
Тірек(механикалық)
Өткізгіш
Бөліп шығарушы
Түзуші ұлпа
Ұлпалар мен мүшелерді түзеді
Жасушалары ұсақ
Қабықшасы жұқа
Бір біріне тығыз орналасқан
Үнемі бөлініп көбейіп отырады
Түзуші ұлпа қай жерде кездеседі
Тамыр
Өркен
Жапырақ бүйірі
Сабақ ұшы
Түзуші ұлпаның қызметі
Тұқым өседі
Өсімдік өседі
Гүл ашады
Камбий жуандап өседі
Негізгі ұлпа
Жасушалары ірі
Қабықшасы жұқа
Негізгі ұлпалардың пішіндері
домалақ
цилиндр
эллипс
Негізгі ұлпа атқаратын қызметтері бойынша қалай бөлінеді
фотосинтездеуші
қор жинаушы
Фотосинтездеуші
жасуша қабығы жұқа
жасуша аралығы кең
хлоропластары көп
Фотосинтездеушінің түрлері
борпылдақ
бағаналы
Қор жинаушы қалай бөлінеді
Су жинаушы
Ауа жинаушы
Қоректік заттар жинаушы
Су жинаушы
жасушалары ірі
қабығы қалың
Вакуолтінде созылғыш
желімтек заттар бар
мысалы кактус алоэ
Ауа жинаушы
жасуша аралықтары ауаға толы болады
мысалы тұғиық жапырығы(лотос)
Қоректік заттар жинаушы
Жемісте
Тамыржемісте
Тұқымда қор жинайды
Жабын ұлпа
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптайды
Өсімдіктерді кеуіп кетуден
Сыртқы ортаның қолайсыз жағлайларынан қррғайды
Жабын ұлпаның түрлері
өң(эпидермис)
тоз
қыртыс
Жабын ұлпасының өңі
жасушалары мөлдір,тығыз орналасқан
Жапырақпен жас сабақтардың сыртын қаптайды
Судың артық булануынан қорғайды
Өсімдіктің сыртындағы түтіктер өңнің өсіндісі
Жабын ұлпасының тозы
Көпжылдық өсімдіктерде болады
Қабырғалары қалың
Жасушалары өлі,қоңыр түсті
Көп қабатты суық пен ыстықтан қорғайды
Қабықтың бір бөлігі
Жабын ұлпасының қыртысы
Тоздың сыртынан түзіледі
Жасушалары өлі
Ағаш діңінде,бұтағы мен тамырында болады
Тоздан түзілген жаңа қабаттардан қалыңдайды
Тірек ұлпасы
Қабығы қатты,қалың
Өсімдікке мықтылық,беріктік қасиет береді
Су өсімдіктерінде жетілмейді
Жасуша құрамында хлоропласт болмайды
Тірек ұлпасының типтері
Колленхима(жас сабақ пен жапырақта)
Склеренхима
Склерейда
Өткізгіш ұлпа
Су мен қоректік заттарды бір мүшеден екінші мүшеге өткізеді
Өткізгіш ұлпа қалай бөлінеді
Жоғарғы ағыс жолы-сүрек
Төменгі ағыс жолы-тін
Сүрек(ксилема) қызметі
Су мен минералды заттарды топырақтан алып,жер үшті мүшелеріне өткізеді
Жасушалары түтік тәрізді-трахейда деп аталады
Сүректің түтікше тәрізді жасушалары не деп аталады?
трахейда
Тін(флоэма)
Фотосинтез процесінде түзілген органикалық заттарды жапырақтан басқа мүгелерге өткізеді
Бөліп шығарушы ұлпа
Керексіз қалдық заттарды бөліп шығарады
Өсімдіктің әр жерінде шашырап орналасқан
Бөлінетін заттар зиянды жәндіктерден малға жем болудан сақтайды
Бөліп шығарушы ұлпаның түрлері
1)заттарды ішке бөліп шығарушы
2)заттарды сыртқа бөліп шығарушы
Бөліп шығарушы ұлпаның заттарды ішке бөоіп шығарады
Шайыр жолы
Сүт жолы
Эфир майы
Бөліп шығрушы ұлпадағы заттарды сыртқа бөоіп шығарушы
Домалақ басты түтіктер
Жабысқақ безді түтіктер
Шірнеліктер(гүлде)