1 экологияға кіріспе Flashcards
эколгия деген
тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым)
эколгия терминин алгаш енгизген
1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель
Экологиялық зерттеу обьектісіне не жатады
биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері
Экология ғылымының калыптасу тарихи немен байланысты
дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен
эколгия гылымынын тарихи дамуынын кезендери
1) Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі
2) Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі.
3) Экология ғылымының өрлеу кезеңі.
1ши кезен кай уакытты камтиды; қай галмыдар улес коскан
18 гасырдын сонын
Ламарк, Лепехин, Рульс
экология гылымынын негизин калаган енбектер
Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі»
2ши кезен немен ерекшеленеди
кай гасырлар
галымдар
шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады.
9 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80
Северцов, Наумов
экология гылымынын негизин калаган 2ши кезендеги енбек
В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі»
биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының мақсаты
популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті
Әлеуметтік экология
табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын “табиғат + адам + қоғам” жүйесі негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік экология
өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Геоэкология
жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылығы экологиясы
ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық экология
биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері
Жүйелік тұрғыдан қарастыру
Ортаның жағдайын бақылау
Эксперимент және модельдеу
Жүйелік тұрғыдан қарастыру дегенимиз
тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылғандықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады. Әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.
Ортаның жағдайын бақылау дегенимиз
метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау т.б. жатады.