Geography 9.2 SAU Flashcards
Қуаңшылық не себептен пайда болады?
Ауа температурасының күрт көтерілуі мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен қалыптасады
Көктайғақ не себептен пайда болады?
Жауын-шашын жауғаннан кейін температураның күрт төмендеуінен жер беті мұзға айналады
Үсік не себептен пайда болады?
Күздің басы жаздың аяғында Арктикалық ауа массалары-ның келуіне байланысты
Аңызақ не себептен пайда болады?
Аңызақ (ыстық жел) – ауа ылғалдылығының тапшылы-ғынан қалыптасатын (температура 30–35ОС) құрғақ жел. Жылдамдығы 5-20 м/с-қа жетеді.
Қуаңшылық салдары
Егіншілік, шабындық пен жайылым өнімі кемиді, өзен-көл деңгейлері төмендейді. Өрт қаупі күшейеді.
Көктайғақ салдары
Адамдар жығылып жарақат алады, мал тебіндеп жайыла алмайды
Үсік салдары
Жаңа өсіп тұрған өскін-дер, пісіп тұрған бау-бақша өнімдері үсіп кетеді
Аңызақ салдары
Өсімдіктердің өсу үдерістері бұзылады. Ыстық жел өсімдік жапырақтары мен сабақтарын қуратып, өнімділікті азайтады.
Қуаңшылық қалыптасатын аймағы
Оңтүстік, орталық Қазақстанда жиі болады. Иран, Орта Азиядан келетін ТА-ның жаз бойы сақталуы
Көктайғақ қалыптасатын аймағы
Шығыс, солтүстік және батыс қазақстанда жиі болады.
Үсік қалыптасатын аймағы
Шығыс, солтүстік және батыс қазақстанда жиі болады.
Аңызақ қалыптасатын аймағы
Климаты құрғақ аудандарда (Сахель, Орталық Азия) атмосфералық қысымның айырмашылығынан қалыптасады (кейде құмды дауылдар тудыруы мүмкін).
Тұмша деген не?
Тұмша немесе смог — өнеркәсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамытүтін,тұманжәне шаңнан тұратынаэрозоль.
Поезд, ұшақтар мен кеме, автомобиль көліктерінің жұмысынан ауа ластанады (аурулар?)
Көліктің көптігінен ауаға шамадан тыс көп мөлшерді көміртегі диоксиді, көміртегі моноксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, метан және хлорфторкөміртегі бөлінуде. Салдарынан ауада зиянды газдардың үлесі артып, адамдарда аллергия, бронхит, астма сияқты т.б. ауруларды туғызады.
Атмосфераны ластаушы салалардың бірі – өнеркәсіп. Металл балқыту, мұнай мен газ өңдеуде ауаға зиянды заттар бөлінеді. Өнеркәсіп салаларының ішінде ең зияндысы химия өнеркәсібі.
Химия кәсіпорындары атмосфераға аммиак селитрасы шаңдарын, азот оксиді, аммиак, фенол, органикалық еріткіштер сияқты спецификалық ластаушыларды бөледі. Салдарынан тыныс алудың қиындауы, демікпе жөтел, астма, респираторлық және жүрек ауруымен ауыратындардың нашарлауына әкеледі.