биохимия Flashcards
антидене
әртүрлі антигендердің әсерінен лимфоидті ұлпаның плазма жасушалары синтездейтін қан плазмасының нәруыздары.
антидене атқаратын қызмет
1) антиген-байланыстырушы
2) эффекторлық
антиген байланыстырушы қызметі
антигеннің зиян келтіруіне тікелей кедергі жасайды
эффекторлық қызметі
комплементті белсендіру арқылы иммундық жауап тудырады
иммуноглобулиндер
антиденелерге тән қасиет көрсететін нәруыздарының жиынтығы
антиденелер қалай пайда болады?
организмде жұқтыру, өлген және тірі вакиналармен вакциналау нәтижесінде немесе лимфа жүйесінің бөгде жасушаларымен, ұлпаларымен және аутоденелерге айналған өзінің зақымданған жасушаларымен байланысы нәтижесінде
нәруыздың IgY деп белгіленетін y-глобулиндерге жатады
антиденелер
антиденелер қандай топтарға бөлінеді
1) седименттік константасы 7S болатын шағын молекулалар
2) седименттік константасы 19S болатын үлкен молекулалар
антиденелер молекуласы неше полипептидтік тізбектен тұрады?
4—>2 ауыр, 2 жеңіл
имунноглобулин құрылысын сипатта
жеңіл және ауыр тізбектер бір-бірімен дисульфидті көпіршелер арқылы байланысады. Полипептидтік тізбектердің ұшында орналасқан және антигенге арнайы әсер ететін белсенді орталықтары бар.
барлық класстар үшін ортақ иммуноглобулиндер
жеңіл тізбектердегі
әр класының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады
ауыр тізбектегі иммуноглобулиндер
толық емес антиденелер
бірвалентті
толық антиденелер
екі кейде көп валентті болады
IgG
1 валентті, қанда болады, барлық антиденелердің 80%-ін құрайды, қанға плацента арқылы өтеді, мол. массасы 160 000 г/моль, антигенді тұндыру реакциясы, агглютинация кезінде иммуноглобулинмен байланыстырып бейтараптандырады, фагацитозды, лизистің бейтараптануын жеңілдетеді, баяу жүретін аллергиялық реакциялардың пайда болуына ықпал етеді, термотөзімді—75°С-та 30 мин қыздыруға шыдайды
IgM
5 валентті, барлық антиденелердің 5-10%-ін құрайды, мол.массасы 950 000 г/моль, жұқпа жұқтырған соң немесе жануарларға вакцина салғаннан кейін алдымен пайда болады, аллергиялық реакцияларға қатыспайды, плацентадан өте алмайды, грам оң бактерияларға әсер етеді, фагацитозды белсендіреді, адамның А, В, О қан топтарының антиденелері жатады
IgA түрлері
1) плазмадағы
2) секреттегі
IgA плазмадағы
2 валентті, мол. массасы 170 000 г/моль, еріген заттарды тұнбаға түсіретін қабілеті болмайды, токсиндерді байтараптау реакцияларына қатысады, термотөзімді, көкбауырда, лимфа түйіндерінде, шырышты қабаттарда синтезделеді де, бөлінділерге, сілекейге, көз жасы сұйығына, бронх бөліндісіне, уыз сүтіне түседі
IgA секреттегі (SIgA)
құрылымдық қосымша компонентінің болуымен ерекшеленеді, мол. массасы 380 000 г/моль, шырышты қабаттарда синтезделеді, шырышты қабатын қорғайды, мысалы, асқазан-ішек жолы немесе тыныс жолдары ауруларында кездеседі
IgD
1 валентті, қан плазмасындағы концентрациясы 1%-тен артық емес, мол. массасы 160 000 г/моль, белсенділігін арттыру қажет ұлпалармен байланыспайды, адам миеломалық (қан өндіретін ұлпаларының ісігі) ауруға шалдыққанда оның мөлшері артады
IgE
1 валентті, мол. массасы 190 000 г/моль, температураға қарай өзгереді, ұлпа жасушаларымен байланысқа түспейді, ұлпалық базофилдермен берік байланысады, жылдам жүретін гиперсезімталдық реакциясына қатысады, гельминтоздар мен протозойлы ауруларды қорғаныс рөлін атқарады, макрофагтар мен эозинофилдердің фагацитарлық белсенділігін күшейтеді
антидененің белсенді орталығының ауданы
антидене бетінің 2%, 700 А°
белсенді орталықта кездесетін аминқышқылдар саны, мысал
10-20 аминқышқылдар, көбінесе тирозин, лизин, триптофан кездеседі
комплементарлық қабілет
антиденелердің тек қана өзіне қарсы жасалған және кеңістіктегі құрылымы бойынша сәйкес келетін бір антигенді екіншісінен ажырата алу қабілеті
антиденеге қарсы антидененің бар екені қандай теорияның пайда болуына әкелді
организмнің иммундық жүйесін желілік реттеу
клонды-селекциялық теорияның негізін кім қалады
Ф.Бернет
антиген мен антиденелердің қосылуының бірінші кезеңі
көзге көрінбейтін, антидененің антигеннің бетінде 37°С температурада бірнеше минут абсорбциялануы
антиген мен антиденелердің қосылуының екінші кезеңі
көзге көрінетін агглютинация, тұнбаға түсу немесе еру құбылысы, бұл жағдайда электролиттер немесе клмплементтердің болуы қажет
антиденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай
1) коагуляциялаушы (преципитиндер, агглютининдер): фагацитозды оңайлатады
2) лизистейтін ( комплемент байланыстырушы: бактериолизистер, цитолизистер, гемолизистер): антигеннің еруін туғызады
3) бейтараптандыратын (антитоксрндер): антигеннің уыттылығын қайтарады
иммуногенез
антиденелердің пайда болу барысы
серологиялық әдіс
антиденелер мен антигендердің арнайыланған өзара әрекеттесу реакциясына негізделеді
серологиялық зерттеу әдесінің реакциялары (6)
агглютинация
тұндыру
комплементті байланыстыру
иммунофлюореспенция
имунноферменттік
радиоиммунологиялық талдау
серологиялық әдістің артықшылықтары
жоғары арнайылығы, салыстырмалы қарапайымдылығы, қолжетімділігі қауіпсіздігі, нәтижені алу жылдамдығы (10 мин-4 сағ дейін)
серологиялық әдістің кемшіліктері
жедел жұқпалы ауруларда антиденелерді табу ретроспективтік диагноз, олар титрде ауру басталған соң 7-8 күні ғана пайда болады, ал бұл мерзімде ауру аяқталуы да мүмкін