Биология Flashcards
Популяция өсуінің басты көрсеткіштері қандай?
Өлім, туылу, иммиграция, эмиграция
Популяцияның санына әсер ететің факторлар екі түрге бөлінеді, қандай?
Популяция тығыздығына тәуелді және популяция тығыздығына тәуелсіз
Популяция тығыздығына тәуелді факторлар(биотикалық) қандай?
Қорек, бәсекелестік, жыртқыштық, аурулар мен паразиттер.
Популяция тығыздығына тәуелсіз факторлар (абиотикалық) қандай?
Улы қалдықтар мен климат
Қорек(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Қорек мөлшері мен сапасы өте маңызды. Егер қоректе бірдене жетіспесе ол қатты әсер тигізеді. Мысалы қоректе кальций жетпесе ұлулар көбеймейді.
Улы қалдықтар(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Популяция тығыздығы өскен сайын шығарылатын аммоний, несепнәр артып, жеке даралардың өліміне алып келеде немесе популяция санын шектейді.
климат(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Жарық көп болса, өсімдіктер мен жануарлар да көп болады. Аз түссе, яғни орманда өсімдіктердегі фотосинтез баяулайды.
бәсекелестік(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Өсімдіктер арасында даралар саны өссе, мекен, су, қорек, жарық, минералды иондар үшін бәссекелестіік жүреді. Ал бір түрдің даралары жұп түзу үшін бесекелеседі.
жыртқыштық(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Жыртқыштар белгілі бір популяцияның колжетімді(әлсіз, ауру, жас) дараларын аулау арқылы сол дараның популяциясының өсуін шектейді.
аурулар мен паразиттер(Фактор қай түрге жатады және түсіндірме)
Тығыздығы жоғары болса, аурулар тез тарайды. Басқа жерден келген инфекцияға төтеп бере алмаса, иммунитеті болмаса, даралар қырылады.
Өлім(түсіндірме)
Белгілі бір уақыт аралығындағы тіршілігін тоқтатқан даралардың саны. Өлім көрсеткіші туылғаннан бері бар кемістіктерге немесе қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты(мысалы өрт).
туылу(түсіндірме)
ч
иммиграция(түсіндірме)
Бір популяцияға өзге популяцияның даралары қоныс аударып келуі.
эмиграция(түсіндірме)
Даралардың өзге популяцияларға қоныс аударуы.
Иммиграция, эмиграцияға мысал
Тиіндер өздері туылған жерден 2 км астам жерлерге қоныс аударуы. Сол арқылы олар басқа тиіндер популяциясына иммигрант болып есептеледі.